Елімізде құқық қорғау органдарына айтылатын сын, тағылатын мін көп. Тіпті, Президентте де ескертпе жеткерлік. Соған орай, Елбасы құқық қорғау органдарына «Қылмыстық іс-жүргізу кодексіне қарапайым адамның көзімен қараңдар»,- деп тапсырма берген еді. Сол ескертпеге сәйкес дайындалған құжатты депутаттық корпус алдында Бас прокурор Жақып Асанов таныстырды.
Оның айтуынша, қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекске «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарына өзгерістер енгізіледі. Бұл заң құқық қорғау органдарын күшейтпейді, оларға жаңа құзірет те бермейді. Керісінше, олардың жауапкершілігін күшейтеді. Ал, ондай шаралар қажет-ақ. Онымен Бас Прокурор да келісіп отыр. Келіскені былай тұрсын, тек өз мекемесінде соңғы уақыт ішінде заңды белінен басқан 20 шақты прокуратура қызметкері істі болып жатқанын ашық айтты.
Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін ендігі жерде қылмыстық істер тек электронды түрде қаралатын болады. Сонда белгілі бір істің кім және қалай тергеп жатқанын тиісті орган қызметкерлері компьютер арқылы қарап, бақылап отырады. Жаңа базадағы мәліметтерді жәбірленуші мен күдікті де көре алады. Өз саласындағы түйткілдерді қашан да жасырмай, ортаға салатын Жақып Асанов осы жолы да кемшін тұстарды жіпке тізіп берді.
Индира БЕГАЙДАР