Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекеттің кепілдігімен қарыз алып, қашып кеткен алаяқтар мен аяғынан тұра алмай шатқаяқтап қалған банктердің болғанын білесіздер. Әрі мұндай былық экономиканың барлық саласында бар. Билік бұл күнде қаржыны қайтаратын қауқарға келсе де, кейбіреуінің қас-қабағына қарайлаудан аса алар емес. Бірақ, қалай болғанда да халық пен мемлекеттің ақшасын алғандар кез келген жаладан аман шығамын деп армандамасын. Мұны «RBK» банкіне қатысты Президенттің өзі де ескертті.
Айбек ҚОБДАБАЙ