Көрші орыстың Челябі қаласында Қазақстан мен Ресей ынтымағының 14-ші аймақаралық форумы өтті. Салмақты жиын. Екі елдің Мемлекет басшылары қатысты. Жыл сайын үрдісін үзбей ұйымдастырылатын форумның мәні де сол – көршілес, қоңсылас екі елдің, әсіресе, шекара маңындағы өңірлердің өркендеуіне серпін беру. Басқосу барысында қос елбасшылары өзара ынтымақты арттыру жолында атқарылар іс-шараларды тағы бір мәрте пысықтап, алуан саланы қамтитын жиыны үкіметаралық 10, өңіраралық 30 құжатқа қол қойды.
Форумның келесі 15-ші отырысы алдағы жылы Петропавлда, өзіміздің теріскей Қызылжарда өтеді. Сонымен қатар, осы жиында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қытайдан Қазақстанға, одан Ресейден Еуропаға қатынайтын теміржол құрылысының жобасын қолдайтындарын айтты.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙ