Құрылыс компаниясы, елімізбен бірге барлық даму кезеңін өткерді. Алмағайып заманда қиналғанмен, мемлекетіміз көркейген сайын кәсіпорын да өркендей түсті.
Материалдық-техникалық базасы нығайып, кәсіби мамандары молайды. Бүгінде мұнда 260 адам тұрақты еңбек етеді.
Тәуелсіздік жылдары құрылыс компаниясы 140-тан астам нысан тұрғызып, өңір келбетін көріктендіре түсті.
Мектептер, балабақшалар, емханалар, баспаналар мен өндірістік ғимараттар. Мұның бәрі қазір халықтың игілігі үшін пайдаланылуда.
Алда да кәсіпорын еліміздің егемендігін баянды ету бағытындағы толымды тірлігін жалғастыра бермекші.
Рауан ДИӘЛИ