Алыстағы ауылдан тартып, халықтың бізге айтып келген мәселесіне «Аptа» бағдарламасы ешқашан атүсті қараған емес. Естеріңізде болса, маусым айында тілшіміз Айбек Қобдабай Шығыс Қазақстандағы Бақыршық кені орналасқан ауылға арнайы барып, көптің көкейіндегі мәселеге құлақ түріп, естіп-білгенін көпшілік көрерменмен бөліскен еді.
Біз сол кезде алтын кені орналасқан ауылда халықтың жұмыспен қамтылуы, коммуналдық қызметтің қымбаттауы мен елді елеңдеткен экология мәселелерін қаузаған болатынбыз. Және сол кезде-ақ жауапты жақтың уәжі болса, «Аptа»-ның есігі ашық екенін ескерткенбіз.
Айтарлары бар екен. Бақыршық алтын кенін игеруге кіріскен ресейлік «Полиметалл» компаниясы ауыл мен аймақ алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктерін айтып, жүзеге асырып жатқан жұмыстарын көрсетті.