1 қаңтардан бастап  уақытша және тұрақты тіркеуге 3 млн-ға жуық адам тұрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қаңтардан бастап  уақытша және тұрақты тіркеуге 3 млн-ға жуық адам тұрған

05.11.2017

Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасайтын қазақ үшін келген қонақты жетектеп, Халыққа қызмет көрсету орталығына апарып тіркеу жат нәрсе. Десе де биыл «Экстремизм мен терроризмге қарсы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңға қол қойылған болатын.

1 қаңтардан бастап азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттелгені есімізде.  Бұл құжат заңсыз миграциямен күрес жүргізуге сеп болады деп жоспарланған еді. Бірақ, қоғам бұл заңды санасымен қабылдаса да, көңілімен қабылдай қойған жоқ. Қоғамда құжат үлкен резонанс тудырды. Пәтер иелері қонақтарын тіркеуден қашса, күнкөріс қамымен пәтерді жалға алатын азаматтарға заңды құжат керек.

Қазіргі уақытта жұмысқа тұрыңыз, тіпті несие алғыңыз келсе де қалалық тіркеу талап етілетіні белгілі. 10 ай өтті. Уақытша және тұрақты тіркеуге 3 млн-ға жуық адам тұрыпты. Дегенмен, қабылданған заңның кемшін тұстары бар екені анық. Сол олқылықтардың орнын толтыру үшін қазіргі уақытта өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы айдан бастап тіркеуге тұруға 8 құжат әкелудің қажеті жоқ, жеке куәлік қана талап етіледі. Ал, келер жылдан бастап қонақтарын тіркегендер мемлекеттік тіркеу салығынан босатылмақ.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу