Апта басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде болатын халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, ертең Астанада Сирия келіссөздерінің кезекті раундында да қауіпсіздіккке мән берілуі қажет екенін атап өтті.
Сонымен бірге, Елбасы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
- Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙ