Осы аптада Сочиде екі бірдей саммит өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Сочиде екі бірдей саммит өтті

15.10.2017

Осы аптада Сочиде екі бірдей саммит өтті. Оның бірі – ТМД мемлекеттері басшыларының 26-шы отырысы болса, екіншісі – Жоғары Еуразиялық Экономикалық Одақтың кеңесі.

Президенттер бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын қорытындылап, болашақ жоспарларды бекітті. Күн тәртібінде 18 құжат қаралып, Қазақстан тарапы оның 13-іне қол қойды.

Көрші мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңғырту, сырттан төнген қауіп-қатермен бірігіп күресудің жолдары да басты назарда болды. Сонымен қатар, достастық елдері ғарыш саласында біріккен жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу