Елімізде 25 жылда бензин бағасы 118 рет өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 25 жылда бензин бағасы 118 рет өскен

08.10.2017

Жазда жадырап жүретін астаналықтар, суық түссе ошағын жылыта алмай әлек болады. Себебі, еліміздің бас қаласында көмір жоқ.

Қазақстанда 400-ге тарта көмір өндіру кеніші бар. Олар бағаны өз қалауларынша қояды. Мысалы, бір тонна көмір былтыр 9 – 11 мың теңге аралығында болса, биыл 15- 17 мың теңгеге жетті. Бұған кім кінәлі? Көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады. Демек, қаптап кеткен делдал.

Сонымен қатар, экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып, көмірдің әлемдік биржадағы құнына қарай экспортқа рента салығын есептеп енгізу керек. Рента салығының мөлшерлемелері, мәселен, мұнайдың әлемдік бағасына қарай 0 пайыздан 32 пайызға дейін белгіленеді, сала сол кезде ретттелу мүмкін, - дейді сарапшылар.

Ал, әзірге Астанада көмірді тонналап емес, шелектеп, кесектеп алуға тура келеді. Кесек түрінде сатылатын көмірдің бір қабы 1500 теңге тұрады. Ал, дәл осы 1500 теңгеге еліміздің бірқатар өңірінде ең өтімді - 92 маркалы бензиннің 10 литрін әрең сатып аласыз, себебі баға күн сайын құбылып тұр.

АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі қаңтар айында - 135 теңге болса, қазір 150-155 теңге шамасында. Тоғыз айда 11 пайызға өскен. «ҚазМұнайГаз» бекеттері бензинді әлі тек талонмен ғана құйып жатыр.

Елімізде 25 жылда бензин бағасы 118 рет өскен. «Биылғы қымбаттаудың себебі мұнай өңдеуші үш зауыттағы жөндеу жұмыстарына байланысты», - дейді министр.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу