Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті

08.10.2017

Екі облыстың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан Президент апта соңында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті. Кездесуге Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры қатысты.

Мемлекет басшысы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының мәртебесі қашанда ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, Президент мемлекетаралық диалогты нығайту мәселесіне тоқталып, дипломатиялық кадрларды Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажет, - деді.

Хабарламаларға жазылу