Діни экстремизмге қарсы Қазақстан тағы қандай қадамдар жасамақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни экстремизмге қарсы Қазақстан тағы қандай қадамдар жасамақ?

25.09.2017

1990 жылдардан бері ел аумағында бала оқытатын мыңға жуық діни мекеме ашылған. Олардың жұмысы әлі күнге дейін реттелмей тұр, тіпті мемлекеттік органдар бұл білім беру орындарының не істеп, не оқытып жатқанын да білмейді. Адасқан ағым орға жығады, -  дейді. Қазір теріс діни идеялардың иірімінде жүргендер азаймай тұр. Басты себептердің бірі - діни сауаттың аздығы, әрі рухани ұлттық құндылықтардың жоғалып бара жатқаны. 

Дегенмен, «жылтырағанның бәрі алтын емес» екеніне көзіміз жете бастаған сияқты. Құрылғанына бір жыл ғана болған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осы аптада Мәжіліс қабырғасында депутаттармен бірге бұл проблеманы жан-жақты талқылады. Діни экстремизмге қарсы қабылданған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жайында да сөз болды. Бұл құжат – мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасқа қатысты көзқарастар жүйесі. 

Тағы бір жаңалық, Үкімет жанынан алғаш рет діни саладағы мәселелер бойынша ведомствоаралық арнайы комиссия құрылды. Оны бірінші вице-премьер басқарады деп шешілді. Діни экстремизмге қарсы мемлекет тағы да қандай қадамдар жасамақ? Ол туралы тілшіміз Индира Бегайдар баяндайды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу