Елбасы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады

24.09.2017

Өткен жексенбідегі Ашхабадқа сапарынан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына барды. Президент күзгі науқанды қашанда аймақтарды аралаудан бастайды. Шалғайдағы өңірлердің тыныс- тіршілігімен танысады.

Бірнеше нысанды аралаған Елбасы облыстағы біршама шешілмеген проблемаларды айтты. Әсіресе, шаруашылық жерлерді тиімді пайдалану ісінде олқылықтар бар екенін атап өтті.

Өңірде қазір жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жуықтайды. Бірақ, Мемлекет басшысына өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының 500 мыңнан асып жығылатыны ұнамады. Бұл тікелей салықтан жалтарудың амалы,- деді Елбасы. Ал, салықтан жалтару қылмыспен тең қашанда.

Тұтастай алғанда аймақтың экономикалық дамуында оң динамика байқалады. Мәселен, өңірлік өнім өткен жылдағыдан 5 пайызға артқан.

Индустриалды бесжылдықтың екінші кезеңінде аймақта 34 өндіріс ашылады. Бұл келешекте тағы 6 мың адам жұмысқа тұрады деген сөз. Демек, 6 мың шаңырақтың күнкөрісі жақсарып, қазынаға қосылар табыс та еселене түспек.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу