Қастасқан жауын қан қақсатып, патша үкіметінің солақай саясатына қарсы күш көрсеткен сұрмерген Кейкі батырың бас сүйегін туған топырағына жерлеу рәсіміне еліміздің түкпір түпірінен дүйім жұрт жиналды. «Балапан басымен тұрымтай тұсымен» кеткен зұлмат заманда ұлт азаттығы үшін күрескен Амангелді батырдың сенімді серігі болған ол, әрі мергендер әскерінің қолбасшысы атанған. Қолмергеннің басына бәйге тігіліп, ақырында айламен қапияда қолға түскен. «Жанындағы жауынгерлерімен жер жастанған батырдың бас сүйегін бірігіп жерлеу міндеті ғасырға жуық уақыттан соң бүгінгі ұрпағына бұйырып отыр», - дейді жиылғандар.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ