Нұрсұлтан Назарбаев төмен байытылған уран банкін ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев төмен байытылған уран банкін ашты

03.09.2017

 Төмен байытылған уран банкі Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасқан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев зауыт кілтін МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоға табыстады.  

Уран банкі толықтай МАГАТЭ-нің құқықтық басқаруына беріледі. Банктің ашылуына АҚШ Кувейт, Норвегия, Еуропалық одақ күш салған. «Қазіргі таңда әлемде 51-ден астам атом электр станциясы салынып жатыр. Ал, 2030 жылға қарай 500-ге жетеді деген жоспар бар. Сондықтан, бұл жобаның болашағы зор», - деді Президент. 

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу