Күрделі жөндеуге жабылған мектептің 500 оқушысы жаңа оқу жылын басқа мектепте бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрделі жөндеуге жабылған мектептің 500 оқушысы жаңа оқу жылын басқа мектепте бастайды

03.09.2017

Астанадағы нөмірі 16-мектеп алғашқы қоңырау қарсаңында аяқасты абыр-сабыр күйге түсті. Қосалқы кабинет жасақтап, қосымша парталар орналастырып әлек. Себебі, күрделі жөндеуге жабылған көрші мектептің 500 оқушысы жаңа оқу жылын осында жалғастырмақ. Онсыз да 1500 орынға 2 мың баланы амалдап сыйдырып отырған басшылық ғимараттың тұтас бір қабатын босатып беруге мәжбүр.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу