Көк Тудың желбірегені – қазақтың көсегесінің көгергені - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көк Тудың желбірегені – қазақтың көсегесінің көгергені

09.07.2017

Қазақ «Туың жығылмасын» деп бата береді. Өз сөзінде Елбасы мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалғанда әрбір қазақстандықтың айрықша сезімге бөленіп, көкірегін мақтаныш пен отаншылдық сезімі кернейтіндігін айтты. Себебі, Ту мен Елтаңба - қастерлі де қасиетті құндылық. 

Көк байрақты көкте желбіреткен Қазақ елі Тәуелсіздік алған 25 жылда талай асуды бағындырды. Алдымызда бұдан да үлкен мақсаттар тұр. Алтын Күннің нұрынан қуат алған қыран құс бейнеленген көк Ту астында бағыт-бағдарымыз айқын, беліміз бекем, мұратымыз ұлы мемлекетке айналып келеміз. Көк Тудың желбірегені – қазақтың көсегесінің көгергені. Елбасы барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.

 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу