Токио. Миллиондар мегаполисі. Қысы-жазы, күндіз-түні бітпейтін қарбалас. Біздің қонақ Гүлзат Баяхмет бұл қалада 27 жыл тұрып келеді. Құрлық асып, құрылтайға келген оған қаланың өмірі таңсық емес. Оған ауылдың қоңыр тірлігі таңсық.
Қоянды Астанаға жақын ауыл. Әрі мұнда шеттен келген қандастар көп тұрады. Қалаға қатынайтын жол тақтайдай. Қонаққа елдегі жайды баяндап отырдым. Мемлекет жол салуға көп қаржы бөлетінін айттым. Қояндының орталық көшесінде мешіт бар. Бірінші аялдаған жеріміз сол болды.
Қазақстанда тумаса да, қазақ жеріне алғаш келген Гүлзат ел жаңалықтарын қалт жібермей қадағалап отырады. Гүлзат Баяхмет Қытайдың Шәуешегінде туған. Сол жерде қытай тілінде білім алып, кейін оқуын Жапонияда жалғайды. Сол жақта мұғалім болып, біржола қоныстанады. Мамандығы экономист болғанымен, қазір Қытай-Жапон арасындағы техника мен ғылым саласын дамытатын орталықта қызмет етеді.
Айнұр ОМАР