Мемлекеттік қызметтегі ауыс-түйіс екі есеге қысқарды

25.06.2017

Мемлекеттік қызметкердің бар болмысын Нұргүл Бертілеуованың бойынан көруге болады. Ақтөбелік маман өңірдегі тіл саясатының насихатталуына жетекшілік етеді. Мемлекеттік тілді үйрету жөніндегі оның авторлық бағдарламасы бойынша шеберлік сыныбы ашылып, облыс мұғалімдерінің тәжірибе алаңына айналды. «Қазақстанның жыл мұғалімі», «Ұлттық дәстүрді насихаттаушы» деген атақ-дәрежесі тағы бар. Бұдан бөлек, латын қарпіне көшу жөніндегі жұмыс комиссиясының мүшесі.

Бүгінде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы нығайды. Оны статистикалық көрсеткіштерден байқауға болады. Мәселен, мемлекеттік қызметтегі ауыс-түйіс екі есеге қысқарды. Басқа жұмысқа ауысу 18, ал, жұмыстан босау 2 есе азайған. Мемлекеттік қызмет жаңа форматта жұмыс істей бастады.

Демек, мемлекеттік қызмет өзінің миссиясын нақты іспен дәлелдей білді. Халыққа адал қызмет етуде және еліміздің ұлттық мүддесін қорғауда үдеден шықты. Үйлесімді жұмыс мықты әрі тәуелсіз Қазақстанды құруға септігін тигізді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу