Осы аптада қазақтілді интернет басылымдарында ең көп талқыланған мақалаларға шолу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада қазақтілді интернет басылымдарында ең көп талқыланған мақалаларға шолу

18.06.2017

Осы аптада қызу талқыға тамызық болған дүниелердің бірі - Abai.kz ақпараттық порталы жариялаған «Атамбаевтікі қызғаныш па?» атты мақала. Онда «ЭКСПО» жайлы Қырғыз Президентінің аузынан шыққан оғаш пікірге жоба жетекшісі Ахметжан Есімовтің жауап беріп, «ЭКСПО»-ға 3 млрд.доллар емес, 1,3 млрд. доллар жұмсалғанын айтқаны басылыпты.

Baq.kz ақпараттық агенттігінде «Димаштың отбасымен танысу үшін Ақтөбеге екі мыңнан астам қытайлық келеді» атты мақаланы да жұртшылық жамбасын жерге тигізбей талдап, сан алуан пікір білдірген.

Ал, бұқараның сын пікірін ең көп білдірген материалы «Шымкенттің бас полицейі Бас прокурорды айыптау үшін видеоны монтаждап алыпты» деп аталады.

Halyknews.kz порталындағы мақалаға жазылған пікірлер халықтың құқық қорғау орындарының бір-бірін әшкерелеген теке-тірестерін құптамайтынын анық байқатып отыр.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу