«Апта» бағдарламасы арнайы сараптамалық орталық ашты. Мақсат - еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық секторларында атқарылып жатқан істерге баға беріп, оған жауапты тұлғалардың рейтингін жасап отыру.
Айталық, біз осы аптада әлеуметтік желідегі белсенді лауазымды тұлғалардың парақшаларын ақтарып, соңғы бір айдағы жазбаларын сараладық. Сөйтіп, олардың ішінен үздік ондықты анықтадық.
Бір ескеретін жайт, рейтингте орындар лауазым иелерінің оқырмандар санымен ғана өлшеніп қойған жоқ. Мұнда олардың белсенділіктері ақпарат алмасу жиілігі, авторлық жазбаларының саны, өзге ақпаратпен бөлісу үрдісі, көтерілген мәселелердің әркелкілігі сияқты критерийлер бойынша бағаланды. Мәселен, Әлихан Бәйменов оқырмандар саны бойынша көбінің алдында болса да, соңғы айда бірде-бір материал жарияламаған екен. Сондықтан, «Апта» рейтингінде 10-шы орынға табан тіреді.
Айбек ҚОБДАБАЙ