Астанадағы баспана дауы жайлы аз айтылған жоқ. Әңгіме үлескер атанып, алданғандар жайлы. Жиған-тергені желге ұшқан үлескер бүгінде күрескерге айналды. Мәселен, Астанада үйін даулаған 9 мыңға жуық үлескер бар екен. Оның 3/1-і - атышулы «Азбука жилья» компаниясының алаяқ басшыларына алданғандар. Мамандар «үлескерлерді қорғайтын заң солқылдақ» дегенді айтады. Келесі тарап сақтық танытпаған үлескердің өзіне кінә артады. Әйтеуір бітпейтін дау-дамай.
Осы істің басы-қасындағылардың талай таяқ жесе де, сабақ алмауына не себеп? Қаңыраған құрылыс алаңында құрылысшылар емес, әлі үмітін үзбеген үлескерлер жүр. Сол үлескерлердің мұң-зарын тілшіміз Айдана Үсенбай жеткізеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ