Ұлан-ғайыр даланың қиыр-қиырында Ұлық күн бар сән-салтанатымен ұлықталды. Батыс өңір Амалдың басын екі апта бұрын бастаса, етегіне үш-ақ киіз тіккен Ертістің Павлодар өңірі бұл мейрамды мамыр айында дүркіретіп өткіземіз деп отыр. Аман болсақ, ол күнді де көререміз. Ал, біздің келесі репортажымыз еліміз бен әлемнің әр елінде ерекше есте қаларлықтай аталып өткен Наурыз жайында болмақ. Назар салып, құлақ түре отырыңыздар!
Индира БЕГАЙДАР