Биылғы су тасқынының қарқыны қандай болмақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы су тасқынының қарқыны қандай болмақ?

12.03.2017
Биылғы көктем еліміз үшін оңайға соқпайтын сыңайлы. Өйткені, қар тым қалың түсті. Бірнеше аймақта су тасқыны қауіпі басым. Әсіресе, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан мен Шығыстағы ағайын тасқынға тап болуы кәдік. Сол себепті, алдын алу шаралары тұтас ел бойынша күшейтіліп жатыр.

Соның өзінде қауіп сейілер емес. Тонналап қар сыртқа тасылып жатса да, азаяр емес. Ал, тұрғындар үйімізді тасқын шайып кете ме деп алаңдап отыр. Ондай апат бұған дейін болғанын және арты қайғылы жағдаймен де аяқталғанын білеміз. Биылғы су тасқынының қарқыны қандай болмақ? Оның алдын алу жолдары қандай?

Азамат НҰҒЫМАН

Хабарламаларға жазылу