Бағамдап қарасақ, көктемнің алғашқы айы бастала мерекелердің тиегі ағытылады. Алғыс айту мейрамынан соң, іле-шала қыз-келіншектердің жайма-шуақ мерекесі көш жалғады.
Елбасы ерекше күннің қарсаңында сан салада еліміздің дамуына ерен үлес қосып жүрген бір топ қыз-келіншекті құттықтады. Ақордада өткен «Көктем шуағы» атты мерекелік кездесуде ашық-жарқын әңгіме өрбіп, аналар күніне арналған ақ тілектер ақтарылды.
Қыз-келіншектер бұл күні Елбасымен емен-жарқын дидарласып, Ақордада қонақ болды. Мемлекеттік хатшы, министр мен депутаттардан бөлек, көпбалалы ана, ұстаз, дәрігер, кәсіпкер, журналист, әскери, әнші, әртіс, спортшыға дейін болды.
Шуақты төл мерекелерінде аяулы ана, асыл қыздар Ақордадан марқайып, масаттанып шықты. Жалпы, біздің ақ жаулықты аналарға, ақ некелі жарларымыз бен қарлығаш пейіл қарындастарға құрметіміз алабөтен.
Тереңдеп қарасаңыз, қазақ тарихында ақыл-парасатымен ел басқарып, қайсарлығымен жау тойтарған, ақындығымен дүйім жұртты аузына қаратқан аналарымыз аз болмаған. Қазақ елінің бүгінгі дамуын да өмірде нәзік, көңілде биік, істе мығым қыз-келіншектерсіз елестету мүмкін емес.
Шынар АСАНҚЫЗЫ