Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

12.03.2017
Осы Ата Заңға енгізілген өзгерістердің ішіндегі ең өзгеше жаңалықтың бірі – террорға барғандарды азаматтығынан айыру. Себебі, адамгершіліктен айырылып, айуандықпен бейбіт тұрғындарды мерт қылып, қоғамға лаң салатындарға ешбір жерде заң жоқ. Жоқ емес, бар. Бірақ, оның жазасы енді тым ауыр.

Қазақстан осы террорға қатысты мәселені шешу үшін, діни экстремизм мәселесін реттеп, заңдарды қайта қарастырады. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Дін істері және азаматтық қоғам министрі осылай деді. Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, елімізде 18 конфессияның 3600-ден астам діни бірлестігі бар. Олардың көбі ислам дініне тиесілі.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу