Елбасының төрағалығымен билік тармақтарын бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының төрағалығымен билік тармақтарын бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

05.03.2017
Мемлекет басшысы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу реформасында Конституцияның 23 бабы өзгеріп, түзетілетінін мәлімдеді. Бірақ, негізгі саяси модель сақталатынын және Президенттік басқару жүйесі қалатынын, саяси жүйеде үлкен өзгеріс жасалмайтынын шегелеп айтып, «Конституция өзгерістеріне қатысты референдум болмайды», деді.

Ай бойы жұмыс тобына еліміздің әр қиырынан 6 мыңнан астам ұсыныс түскен. Халықтан келіп түскен ұсыныс тілектердің барлығы сүзгіден өтті. Енді Конституцияны өзгерту үшін билік халыққа немесе халық сайлаған Парламентке жүгінуі тиіс. Елбасы екіншісін таңдады.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу