Қазір еліміздің барлық аймақтарында әкім-қаралар есеп беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазір еліміздің барлық аймақтарында әкім-қаралар есеп беріп жатыр

26.02.2017
Ең бастысы, ел алдына келген әкімге халық көкейіндегісін бүкпей жеткізуге мүмкіндік алды.

«Әкім бол, халыққа жақын бол»! Қазір еліміздің барлық аймақтарында ақ жағалы әкім-қаралар ел алдында есеп беріп жатыр. Ел тынысын саралап, тұрмыс тірлікті таразылайтын талқы жиынның қайсыбірі алдын ала жазылған жоспар бойынша, өтсе, енді біреулері тосын жайттарға толы. Ең бастысы, ел алдына келген әкімге халық көкейіндегісін бүкпей жеткізуге мүмкіндік алды.

Мәселен, елдің ордасы Астананың өзінде шешілмеген мәселе шаш етектен. Қоғамдық көліктің кешігуі, ауруханалардағы ұзын-сонар кезектер, мектеп пен балабақша, тағысын тағы. Ал, ең бастысы, баспана мәселесі.

Алдағы бес жылда Астанада 40 мың пәтер салынады. Шаршы метрінің бағасы 230-300 мың теңге. Бұл шаруаның қалай тындырылып, қашан іске асатыны уақыт еншісінде. Елге керек игілікті істің әрине, тез әрі жариялы жүзеге асқаны абзал. Әкімнің есеп беру шарасында қандай мәселе қозғалды?

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу