Билік тармақтарын бөлуге қатысты қоғамның талқысына түскен ұсыныс-тілектерді қабылдау бір аптадан кейін аяқталады. Қоғам Президенттің 40-тан астам құзыретін атқарушы билік пен заң шығарушы билікке беру туралы бастамасын құба-құп қарсы алды. Алайда, 26-баптағы «әркім» сөзі халықты бейжай қалдырмай отыр. Сондықтан, осы бір мәселенің мән-жайын білу үшін «Apta.kz» алаңына арнайы сарапшылар мен заңгерлер шақырылды.