Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан әскерилердің отбасына өтемақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан әскерилердің отбасына өтемақы беріледі

19.02.2017
Қорғаныс министрлігіне қарасты 91678 әскери бөлімінің 23 әскері қар көшкінінің астында қалғанын әуелі қорықшы Әлімбеков айтқан. Ол көмек келгенше біразын өз қолымен аршып алған.

Жауынгерлерді құтқаруға Төтенше жағдайлар департаментінің 185 қызметкері мен 24 техникасы жеткен. Оқиға орнынан 16 сарбаз құтқарылса, жетеуінің денесі табылған. Қазір Қорғаныс министрлігінің өкілдері апаттың мән-жайын анықтауға кірісіп кетті.

Қара жамылған отбасыларға Қазақ елі қайғырып көңіл айтып жатыр. Марқұмдармен қоштасу 91678 әскери бөлімінің басында өтті.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу