Қашанда бас аманда - мал тәтті, бас ауырса - жан тәтті ғой. Бұрын мазасы кетсе, ұшықтағаннан ұшып тұратын қазақ қазір дәрі-дәрмек ішпей тұра алмайтын хәлге жетті. Әрине, бас ауырып, балтыры сыздамайтын пенде кемде кем қазір. Оның үстіне қу тірліктің күйбеңімен жүріп, денсаулығымызды күте бермейтініміз ащы да болса шындық. Әйтпесе, бар болса, өз жаныңды өзің күтіп баққанға не жетсін?!
Біздің айтпағымыз, дәрі-дәрмекке зәру дәрменсіздердің жан айқайы. Рас, қазір дәріханаға кірсең бітті, дәрілердің түр-түрі самсап тұр. Тек санап беретініңіз болса болды. Бірақ, ел тұрғындарының денсаулығы үшін сол дәрілерге мемлекеттің өзі жыл сайын қауғалап қаржы құяды. Ал, оның қайда кетіп жатқаны бір тылсымға ғана аян.

Айбек ҚОБДАБАЙ