Ақпанның бұл аптасы Ақордада іркес-тіркес саяси кездесулерге толы болды. Жұмада Премьер-Министрден бастап, Үкімет мүшелері, Ұлттық банктің төрағасы, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, жетекші кәсіпорындардың басшылары Ақордаға шақыртылды. Президенттің төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы жөніндегі кеңес өтті.
Жалпы, технологиялық жаңғыру - осы жолғы Жолдаудағы тапсырмалардың ең бір сүйектісі. Сондықтан, кеңесте бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы талқыланды. Цифрлық технологияларды қолданып, жаңа индустрияны дамыту, базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу – негізгі тапсырма.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ