Президенттің ерекше құзырына жататын өкілеттіктер саны азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің ерекше құзырына жататын өкілеттіктер саны азаяды

29.01.2017
Егемендік алған тұстан бастап бүгінгі күнге дейін еліміз талай сын-қатерге төтеп беріп, биік асуларды бағындырды. Айналдырған 25 жылда экономикасы қуатты мемлекетке айналды. Күшті президенттік басқарудың арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті.

«Президенттік басқару жүйесі қала береді. Оның күші жойылмайды» ,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы енді қорғаныс пен сыртқы саясатқа, мемлекеттік басқару, Конституцияны қорғау және билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелерімен ғана айналысады. Демек, Президенттің ерекше құзырына жататын өкілеттіктер саны азаяды. Ал, Үкіметке 5 инстуционалды реформа аясында экономика саласында қосымша атқарушылық міндеттер жүктелетін болды.


Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу