Сирия үкіметі мен оппозициясы арасындағы келіссөздер қаңтардың 23-іне белгіленіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия үкіметі мен оппозициясы арасындағы келіссөздер қаңтардың 23-іне белгіленіп отыр

15.01.2017
Осы аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Астанада жоспарланған Сирия жөніндегі келіссөздерге әзірлікті талқылады. Содан кейін, бұл мәселе бойынша Мәскеуде Ресей, Түркия, Иран өкілдері кеңес өткізді.

Сирия үкіметі мен оппозициясы арасындағы келіссөздер қаңтардың 23-не белгіленіп отыр. Түркия Президентінің өкілі бұл форумның сол күні Астанада өтетіндігіне сенімді. Осылайша, Қазақстан әлем үшін өзекті мәселені ортаға салатын жаңа алаңға айналуы мүмкін.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу