Жастар саясатын дамытып, олардың мәселесін шешудің жаңа жоспары түзілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар саясатын дамытып, олардың мәселесін шешудің жаңа жоспары түзілді

15.01.2017
Қазақстанда халықтың төрттен бірі - жастар. Олар ел ертеңін дамытуға үлес қосатын зор әлеует. Сондықтан, жас өреннің қоғамдағы рөлін арттыруда мемлекеттік саясат жан-жақты түзілуі тиіс. Әсіресе, жастардың бизнеске деген ынта-жігерін арттырудың маңызы зор.
Жастар саясатының басымдықтарын Мемлекет басшысы желтоқсан айында өткен жастар форумында белгілеп берген.

Осыған байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жастардың белсенділігін ынталандыру үшін жаңа тетіктер мен тәсілдерді пайдалана отырып, Мемлекет басшысының нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жүктелген.
Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне ғаламтор мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық жұмыстарды күшейту тапсырылған.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу