Жұртымыз бүгінгідей экономикалық-әлеуметтік дамуға қалай жетті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұртымыз бүгінгідей экономикалық-әлеуметтік дамуға қалай жетті?

18.12.2016
Қуатты Қазақстанды қалыптастыру үшін талай қиын-қыстауды бастан өткеріп, қаржылық қыспақтарға қарсы тұра білдік.

Ширек ғасырда Қазақстан өзін барша әлемге танытты. Жаһан жұрты бізді экономикасы қарыштап дамыған, бәсекеге қабілетті, мығым мемлекет деп біледі. Қуатты Қазақстанды қалыптастыру үшін талай қиын-қыстауды бастан өткеріп, қаржылық қыспақтарға қарсы тұра білдік.

Тәуелсіздік алысымен бәрін басынан бастауға тура келді. Кеңес заманының ақыры жоқшылыққа ұрындырған жоспарлы экономикасынан бас тарту керек болды. Дамудың әлемдік үлгісін бағдар етіп ұстау қажеттігі туды. Бұл шешім көп ұзамай-ақ нәтижесін берді.

Ал, бүгінде Қазақстан экономикасы инвестиция салуға қолайлы елдердің бірі. Жұртымыз бүгінгідей экономикалық-әлеуметтік дамуға қалай жетті?

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу