Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен екіжақты келіссөздер жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен екіжақты келіссөздер жүргізді

18.12.2016
Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Израиль әріптестігін әртараптандыру мәселелерін талқылады.

Апта басында Астанаға ат шалдырған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ақордада қазақ басшысымен екіжақты келіссөздер жүргізді. Екі ел үкіметі бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Израиль әріптестігін әртараптандыру мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты тәжірибелік тұрғыдан дамытудың негізгі үш бағытын айқындап берді. Олар – ауыл шаруашылығы, озық технологиялар, денсаулық сақтау салалары.

Израиль екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін пайдалануға мүдделілік білдірді.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу