Азаматтық сектор - мемлекеттің сенімді серігі болуы тиіс. Бұл - VII Азаматтық форумда талқыға түскен негізгі тақырып. Республикамызда 18 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген екен. Алайда, оның жартысына жуығы ғана белсенді іс атқарып келеді. Аталған жиында Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова форум қонақтарына Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Хатта Елбасы «үкіметтік емес ұйымдар Мемлекеттің сенімді серігі» екенін атап өтті.
Ғабит БӨКЕНБАЙ