Аталған ұсыныстың орынды, орынсыз екендігіне байланысты пікірлер екіге жарылды. Тіпті, мұны Мәжіліс депутаттарының «тамыр басып көру тактикасы» дегендер болды. Алайда, көпшілік оның нүктесін Елбасының өзі қоятынына сенді. Олар қателескен жоқ. Алдымен, Елбасы өзін тым асыра әспеттеудің артық екенін сыпайылап жеткізді. Тіпті, бұл жөнінде ғаламторда айтылып жатқан пікірлерден де хабардар екендігін аңғартты.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ