Жалпы, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған кезде елімізде демографиялық жағдай көршілес мемлекеттермен салыстырғанда өте төмен болған. Ел еңсесін тіктеп үлгермеген сол бір елең-алаң шақта Елбасы 29 желтоқсан күні Қазақ радиосынан шетелдегі қандастарымызға үндеу жариялады.
Онда «Біз Тәуелсіздік алдық, атажұртқа келем деген қандастарымызды құшақ жая қарсы аламыз» дегені жұрттың есінде. Содан кейін сырттағы ағайындарға Қазақстанның есігі айқара ашылды. Сол бір тарихи сәтке орай Алматыда «Көш және Көшбасшы» атты ауқымды концерт өтті. «Қамшы» порталы мұрындық болған кешке «Қазақстан» Ұлттық арнасы ақпараттық қолдау көрсетті.

Алмат ӘБДІРАМАН