Сайлауға дейін-ақ дүниежүзінің негізгі ақпарат құралдары дауыс беру аяқталды, Хиллари Клинтон Ақ үйдің төріне барып жайғаса берсін деп шулаған-ды. Бұл аздай, Құрама Штаттардың маңдайалды социологиялық орталықтары демократ-кандидаттың алда келе жатқанын күнде-күнде жариялап жатты.
Ал, кейбір беделді журналистер республикалық үміткерді нәсілшіл, әйелдердің жауы, рақымсыз адам деп ашықтан-ашық айыптады. Осының бәріне қарамастан, қарашаның 8-інде Трамп Клинтонды ойсырата жеңді.
Арыстан РЫСБЕК