Ертең  Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең  Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толады

28.08.2016
Ертең  Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толады

Алып елдердің әлемді жеке дара билеуге деген тойымсыз құлқыны мен империялық пиғылдарының соңы қашан да адамзатқа зұлмат-зобалаң әкеліп отырған. Мәселен, өткен ғасырдағы батыс және шығыс блокқа бөлінген әлем, АҚШ пен Кеңес одағының келісімге келе алмауы адамзат тарихының қасіретті парақтарына айналды. Кешегі  қырғи-қабақ соғыстың салқыны бүгінгі әлемді де шарлап жүргендей.

Алайда, бейбітшілікті бағыт, тыныштықты тұғыр еткен Қазақстан әлемнің амандығы мен қауіпсіздігі үшін ширек ғасыр бойы тынымсыз күресіп келеді. Азаттықтың алғашқы күнінен қазақтың қасиетті топырағын қасіретке, сынақ алаңына айналдырған Семей полигонын жауып, әлемге үлгі көрсетті.

Қазақстан қазір жаһандық антиядролық бастамалардың лидеріне айналды. Мемлекет басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ұсынысын БҰҰ құптап, 29 тамыз-халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде бекіді. Ал, Вашингтонда жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі - бүгінде бейбітшіліктің ұранына айналды.

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу