Саммитке АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада және Жапония жетекшілері қатысты.
Астана экономикалық форумын өткізіп, бас қаланы халықаралық қаржы орталығына айналдыру тетіктері Еуразия кіндігініде әлемдік деңгейде талқыланып жатқанда Жапонияда үлкен жетілік басшылары кездесті. «Үлкен жетілік» саммитіне АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада және Жапония жетекшілері қатысты. Олар 32 беттік декларация қабылдап тарқасты.
Сол құжатқа жүгінсек, қазір мұнай бағасының түсуінен, дамушы елдердегі өсімнің төмендеуінен ғалам экономикасына дағдарыс қаупі тағы төніп тұр. Сондықтан, «Жетілік» ең алдымен дүниежүзілік өндірістік өсімді күшейтуге уағдаласты.
Қазір Оңтүстік және Шығыс Қытай теңізінде аралдарға талас өршіп келеді. «Жетілік» осы мәселені бейбіт жолмен шешуге күш салмақ. Сонымен қатар, саммитке қатысушылар босқындарға халықаралық гуманитарлық көмекті арттыруға да келісті.
Бұған қоса, әлем лидерлері ғаламдық климаттың жылынуын шектеу үшін жыл соңына дейін Париж келісімін күшіне енгізуді жоспарлап отыр және де олар Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін маусымда әрі қарай созуға да пәтуаласты.
Саммиттен кейін АҚШ Президенті Барак Обама Хиросимаға тарихи сапармен барып, ядролық шабуыл құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. 1945 жылдың тамызында АҚШ әуе күштері сол кездегі президент Гарри Трумэннің бұйрығымен осы қалаға атом бомбасын тастап, 140 мыңға жуық адамды мерт қылды.
Арада бірнеше күн өткенде америкалықтардың ядролық соққысынан Нагасакиде 74 мың тұрғын қаза тапты. Обама сол трагедия үшін жапон халқынан кешірім сұраудан бас тартты. Бірақ, осы сапары арқылы Ақ үй басшысы Вашингтон мен Токионың достығы мызғымас екендігін көрсетіп, әлемді жаппай қырып-жоятын арсеналдан арылуға шақырды.
Барак Обама, АҚШ Президенті:
Біз мұнда аса көп емес уақыт бұрын жасалған соққыны қайта ой елегінен өткізу үшін келдік. Құрбандарды еске алып тұрмыз. Бір ауыз сөзіміз сол азапты жүрекке жеткізе алмас. Бірақ, тарихтың көзіне тіке қарауға міндеттіміз және де сол трагедия қайталанбас үшін не істеуіміз керек деген сауалға жауап беруге тиіспіз. Менің елім тәрізді мемлекеттер ядролық қару ұстағысы келетін. Енді біз үрейден қашып, әлемді атомдық арсеналдан тазартуды көздегеніміз абзал.
Бейсенбі күні 50 доллардан асқан мұнай бағасы жұманың кешінде қайта төмендеді. Өйткені, АҚШ-та осы аптада жұмыссыздық үшін жәрдемақы сұрағандар саны 10 мың адамға азайып, экономиканың жағдайы жақсарғаны байқалып, доллар күшейді. Яғни, инвесторлардың көңілі қазір энергетикалық шикізаттан осы валютаға ауып отыр.
Сонымен қатар, Құрама Штаттардың Федералдық резерв жүйесінің басшысы Джанет Йеллен мәлімдеме жасап, экономикалық статистка әрі қарай жақсаратын болса, алдағы айларда орталық банктің пайыздық үстемесін көтеру қажеттігін атап өтті.
Арыстан РЫСБЕК