Украина Министрлер кабинетін Владимир Гройсман басқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Министрлер кабинетін Владимир Гройсман басқарады

17.04.2016
Украина Министрлер кабинетін Владимир Гройсман басқарады
Гройсман алдағы уақытта коррупциямен күреске, еуропалық интеграция мәселелеріне көбірек мән беретін тәрізді.

Украинада бейсенбі күні жаңа үкімет құрылып, премьер-министр тағайындалды. Министрлер кабинетін енді 38 жастағы Владимир Гройсман басқарады.

Бұл үкімет бірнеше айға созылған саяси дағдарысты еңсеріп, елге халықаралық кредиторлардан миллиардтаған еуро несие тартады деген үміт бар.

Гройсман - президенттің одақтасы. Кейбір болжамдарға қарағанда, бұдан былай Петр Порошенконың экономикалық саясатқа ықпалы күшеюі мүмкін. Дегенмен, жаңа кабинеттен Батысқа арқа сүйеген тәжірибелі технократтар кетіп қалды. Бұл проблема реформаторларды айтарлықтай алаңдатып отыр.

Гройсман алдағы уақытта коррупциямен күреске, еуропалық интеграция мәселелеріне көбірек мән беретін тәрізді.

Владимир Гройсман, Украина премьер-министрі:
Мен түсінемін, қиын кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Біз тиімділігімізді көрсетіп, елді дағдарыстан алып шығу және еуропалық реформалардың сапасын арттыру жолында саяси ерік-жігерімізді байқатуға тиіспіз. Бізге төнген үш қауіп бар. Олар: коррупция, тиімсіз мемлекеттік басқару және популизм.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу