Қазақстан халықаралық қауымдастықтың бейбітсүйгіш мүшесі ретінде бұл саммитте де бірқатар бастамалар көтерді.
Бұл аптаның басты жаңалығы әрине, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары. Вашингтонда Ядролық қауіпсіздікке қатысты жаһандық саммит өтті. Зор мәселе қаралған зор жиынға әлемдегі «жуан» елдердің барлығы дерлік қатысты.
Тек соңғы жылдары батыспен және АҚШ-пен басы піспей қойған Ресей бармай қалды. Әрине, әр ел сыртқы саясаттағы басымдықтарын, мүдделерін өздері анықтайды. Әсіресе, қаруы мықты жұрттар. Ал, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың бейбітсүйгіш мүшесі ретінде бұл саммитте де бірқатар бастамалар көтерді.
Жойқын қарудан бас тартуға жаһан әзір емес. Өйткені, үлкен қауымдар геосаяси, геоэкономикалық, геостратегиялық мүдделері үшін біріне-бірі қару кезенуден таймай тұр.
Соңғы ширек ғасырда тағы бір кеп әсіре белең алды. «Жуан» мемлекеттер өз мүдделерін өзге бір елдің аумағындағы қақтығыстарға араласа отырып қорғау. Мысалы, қазір Сириядағы ахуалда билік пен оппозицияның қантөгісінен гөрі әлемді АҚШ-Батыс-Ресей мүдделерінің ыңғайы молырақ толғандырады.
Осы аптада ғана бұл текетіреске Қытай да арнайы өкілін тағайындап, келіссөздерге килікті. Яғни, қалай күлбілтелесек те, күштілер кез келген жерімен диірмен тартатынын аңғартып отыр. Қош.
Семей қасіреті – сынақ сұмдығы. Кеңес билігінің адамгершілік нормаларының ешқандай критерийіне кірмейтін анайы шешімдері. Мыңдаған тағдырдың талқан болуы, ауру бала, дертті буын, тозған жер, бүлінген су, улы өсімдік бір сөзбен айтқанда, Семей жеріндегі сынақ зардаптарын ұлт ұмыта алмасы анық.
Сол кезге қатысты мәліметтерді, фотосуреттер мен видеохроникаларды жарты күн ақтарсаң жетіп жатыр, жүрегің сазып, көзің қарауытады. Бойыңды билеген әлдекімдерге деген өшпенділік сезімін әрең бұғаттайсың.
Бір дүниені анық айтуға болады – Кеңестің қолымен істелген зұлматқа Тәуелсіз ел және сол елдің басшысы нүкте қойды. Адамзат тарихында кез келген зұлымдықты, қараулықты түптің-түбінде игілік пен ізгілік, иман жеңіп келеді. Яғни, қазіргі біздің буын куә болып отырған қияс тірліктердің де бірте-бірде түзеліп, оңға айналып, ақыл-парасат қоғамына қызмет етері анық.
Вашингтон саммитіндегі ұсыныс пен ұстаным туралы ептеп тарқатсақ. Қазақстан уранға бай ел, сол кенді тек бейбіт мақсатқа тұтына отырып, ядролық энергетиканы дамытуды жөн дейді.
Ал, Жер шарында ядролық қауіпсіз аймақтар қалыптасуы үшін халықаралық құқықтық құжат қабылдап, міндет алдымен Таяу Шығыста жүзеге асуы тиіс. Өйткені, ол аймақта террорлық қауіп үнемі жоғары.
Ал, бейбіт мақсат үшін деп отырған отынымыз содырдың қолына түссе сойқан болмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан, ядролық өнімді әскер мақсатына қолдануға түбегейлі тыйым салатын халықаралық келісім керек. Бұл саммитте сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұжырымдары.
Ғабит Бөкенбай, тілші:
Бұл күндері күллі әлем АҚШ астанасы Вашингтонға көз тігіп отыр. Осында өтіп жатқан саммиттен Жер жүзі ядролық қарусыздануға қатысты ізгі жаңалықтар күтетіні рас. Жалпы, саммит жұмысы туралы жазу үшін осы орталыққа мыңға жуық тілші келді.
Осымен төртінші мәрте өткен жиынға 50 шақты елдің басшылары қатысты. Олардың 21-і Президенттер. Саммите сөз сөйлеген бес ел басшысының бірі - антиядролық қозғалыстың белді мүшесі Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан бүгінде уран өндіруден әлемдік көшбасшы ел. Нөмірі бірінші экспортер.
Қырық жыл қазақ даласына қасірет шеккізген Семей полигонынын Елбасы еліміз егемендігін жариялаған күннің ертеңінде-ақ жапты. Қазақ лидерінің бұл бастамасы жаһан назарын бірден өзіне аудартты. Міне, Вашингтон саммитінде де Елбасы айтқан салиқалы пікір жиналғандарды байыпты байламға жетеледі.
Семей сынақ алаңының жабылғанына ширек ғасыр. Сынақ сап тыйылғанымен оның зардабы әлі залалсызданған жоқ. Арқа төсінде ашық жатқан плутоний мен тритийдің қалдығы Қазақстанға қауіп төндіріп тұр. «Бұл мәселеде әлем елдері күш біріктіруі тиіс»,-деді Президент.
Барак Обама, АҚШ Президенті:
Дәл осы жерде осыдан алты жыл бұрын алғашқы саммитті өткізген едік. Бүгінгі жиынға қатысып отырған барлық қонақтарға өз ризашылығымды білдіремін. Сеул, Гаага да өткен саммиттер әлемнің қауіпсіз бола түсуіне үлес қосты. Дегенмен, террорлық қатер әлі сейілген жоқ. Әсіресе, соңғы кездегі оқиғалар әлем жұртын қатты алаңдатып отыр.
Иран келіссөздерінің сәтті өтуіне Қазақстан қосқан үлес зор. Кепіл болды. Бұл Ақ үй өкілі Джошуа Бэйкердің пікірі.
Джошуа Н.Бэйкер, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі:
Қазақстан өз өңірінде ғана емес, жалпы дүниежүзінде маңызды мемлекет болып қала бермек. Халықаралық терроризммен күресте басты рөлде болары сөзсіз. Экономикалық және басқа саладағы байланыстарда баянды дамып келеді. Әрине, Қазақстанның беделі туралы барлық халықаралық форумдарда сөз болуы үлкен жетістік.
Қазір қазақ уран өндіруден әлемде бірінші орында. Елде атом энергетикасын дамытуға барлық жағдай жасалған. Қазақстан реакторларды пайдалануда да, қолданбалы ядролық физика саласында да біраз ғылыми-тәжірибелік сынақтар өткізді.
Эндрю Бениявский, «NTI» анти ядролық қорының вице-президенті:
Қазақстан бейбіт мақсатта атомды пайдалануда әлемде алдыңғы орында тұр. Қарудың таралмауына да өте үлкен үлес қосуда. Қазақстанда ашылатын уран банкінің әлем үшін әкелер пайдасы мол екеніне сенімдімін.
Айтпақшы, саммит алаңында Нұрсұлтан Назарбаев 11 мемлекеттің басшыларымен кездесті. Олардың ішінде, Режеп Тайып Эрдоған, Нарендра Моди, Джон Керри секілді саясаткерлердің есімін ерекше атауға болады.
Бұдан бөлек, Елбасы саммитке қатысқан салмақты саясаткерлердің бірі Жапон премьер-министрі Синдзо Абемен кездесті. Әңгіме барысында Абэ Елбасын Қазақ елінде өткен Парламенттік сайлауда «Нұр Отан» партиясының жеңісімен құттықтады.
Елбасы сапар аясында «Карнеги» қорына да барды. Қор 1 ғасырдан бері әлем елдері арасындағы ынтымақ пен түсіністікті нығайтуға үлес қосып келе жатқан ықпалды ұйым. Нұрсұлтан Назарбаев алдымен сараптама-талдау орталығының жетекшісі Уильям Бернспен және АҚШ-тың бір топ белді саясаткерлерімен кездесті
Бұдан соң, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Американың қоғам және мемлекет қайраткерлерімен кездесті. Елбасы жиналғандарға Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістігін жеткізді.
Ширек ғасырда біздің елдің ЖІӨ 21 есе, ал тұрғындардың жан басына шаққандағы табысы 17 есе өскен. Толағай табыс - табанды еңбек пен жүйелі жұмыстың жемісі,- деді Президент. Ал, 5 реформа мен «100 нақты қадам» ел экономикасын еселей түсетін төте жол.
Қазақстанның ядролық сынақтарға қарсы батыл бастамасы мен бейбіт саясаты әлемде кең қолдау тапты. Семей полигонынан соң, Невада, Лобнор және Қытайдағы алапат жарылыстар тоқтады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бір Жарлығы мыңдаған жанның өмірін ажалдан арашалап қалды.
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болуға мүдделі. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы АҚШ қолдайтынына сенім білдірді.
Жалпы, АҚШ Қазақ елін қашанда өзінің Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесі санайды. Екіжақты алыс-беріс пен барыс-келістің қарқыны да жаман емес. Тәуелсіздік жылдары Америка ел экономикасына 30 миллиард доллар қаржы құйған.
Пол Стронский, сарапшы:
Қазақстан өз мысалымен қарудан бас тартудың мәртебе екенін дәлелдеді. Бұл бастаманы басқалары да қолдауы тиіс. Ядролық қару қаскүнем қолына түссе, не боларын елестетудің өзі қорқынышты.
Дэн Бигз, сарапшы:
Мені сіздердің Президенттеріңіздің 25 жылда істеген шаруасы таң қалдырды. Ол атом қаруынан бас тартып, енді «жасыл энергетиканы» қолға алды. Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үй басшысы Барак Обаманың бастамасымен ұйымдастырылған ресми қабылдауға да қатысты. Бұдан соң Мемлекет басшысы Бельгия мен АҚШ-қа жасаған қос сапарын қорытындылап сұхбат берді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін сөз етті. Қазір, қарт құрлықтың 28 мемлекеті Қазақстан мен экономикалық берік байланыс орнатуға дайын.
Ғабит Бөкенбай, тілші:
Ядролық Саммит - бұл Ақ Үй басшысының жеке инициативасы. Президенттік уәкілеттілігі аяқталуға шақ қалған Барак Обаманың бастамасын АҚШ-тың келесі басшысы қолдап, қолдамауы әзірге белгісіз.
Тек Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі саммитті Қазақ елінде өткізу туралы ұсынысы жансыздана бастаған жаһандық жиналыстың тамырына қан жүгірте түсті.
Ғабит БӨКЕНБАЙ