«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуде

10.12.2014
«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуде

Түркиялық Месут Керим жұмыс бабымен әлемнің оннан аса елінде болған тәжірибелі жүргізуші. Ол Хромтау ауданындағы қызмет көрсету орталығына келіп, көлігін жөндеп алады. Ол қазақ жеріндегі жаңа жол мен кемпингтердегі қызмет көрсету сапасына дән риза.

Дөң ауылының іргесінде орналасқан бұл қызмет көрсету орталығының ашылғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен, қазірдің өзінде күніне 200 адамға қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, жол бойында дәмхана мен қонақүй жұмыс істейді. 20-ға жуық жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылған.

Халықаралық көлік дәлізінің Хромтау ауданындағы бөлігінде осындай 11 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда тағы 6 нысанның құрылысы жүргізілуде.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу