Қазақ Президенті «Астана Арена» стадионының маңындағы «Наурыз думанға» қатысты.
Қазақ үшін қадір-қасиеті бөлек мерекенің бірегейі жыл басы - Әз-Наурыз. Табиғатпен адамзаттың жаңару тойы. Жеңіс тойынан соң, Қазақ Президенті «Астана Арена» стадионының маңындағы «Наурыз думанға» қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев «этноауылды» аралап, мерекелік шараны көрді. Иығына шапан жауып, қолына қамшы алған Елбасы осы жерде бүркітші баламен дидарласып, әңгімелесті.
Қаз-қатар тізілген ақшаңқан үйлер Астананың ажарын аша түскен. Елордалықтар мен қала қонақтары наурыз көжеден дәм татып, ақжарма тілектерімен ел-жұртқа амандық тілеп, арқа-жарқа болысты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Әз-Наурыз барша халқымызға құтты болсын! Осы жерге жиналған халыққа, барлық қазақстандықтарға шын жүрегіммен бақ-береке тілеймін. Ұлыстың ұлы күні кешегі сайлаудағы жеңісімізбен қатар келді.
Сондықтан, біз Қазақстан халқы бір үйдің баласындай аман-есен жүріп жатқан жағдайымыз бар. Осы бірліктен Жаратқан бізді әр уақытта ажыратпасын. Келер ұрпаққа беретін аманатымыз - елдің бірлігін сақтап, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, болашаққа жол салатын болсын.
Бүгінгі Жаңа жылда жаңарған көктемде жер жаңарады, ел жаңарады. Біздің еліміз де жаңарып келе жатыр. Қобыланды батырдың поэмасында айтылады «Қаз жайлауы саз болар, Наурыздан кейін жаз болар», деп. Міне, наурыздан кейін жаз болады. Сондықтан, осы айтатынымыз бірлігімізден бізді Жаратқан әр уақытта ажыратпасын!
Ұлыстың ұлы күнін төрткүл дүниедегі қазақтар да мерекеледі. Ресей астанасында осындағы түркітілдес ағайындар бар барлығы 20 ұлттың өкілдері бас қосты. Қазақ диаспорасы көпшілікке ұлттық өнерімізді көрсетіп, бай мәдениетімізді дәріптеді.
Ал, туыстас Түркі елінде Қазақстан елшілігі ақ дастарқан жайып, құттықтап келушілерге ұлттық дәмдерден ауыз тигізді. Исі түркіге ортақ ТҮРІКСОЙ Халықаралық ұйымы болса, «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік концерт өткізді.
Анадолылықтарды тәнті еткен түркі елдерінен келген өнерпаздарды Түркия президенті қабылдады. Аталған елдің 20-дан астам қаласында өнер көрсеткен әнші-бишілерге Режеп Тайып Ердоған алғысын білдірді.
Қазақ делегациясы атынан ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бауырлас ел басшысының иығына оқалы шапан жапты.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ