Мәжіліс депутаттары Кәрім Мәсімов басқаратын министрлер кабинетіне тағы да сенім білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Кәрім Мәсімов басқаратын министрлер кабинетіне тағы да сенім білдірді

27.03.2016
Мәжіліс депутаттары Кәрім Мәсімов басқаратын министрлер кабинетіне тағы да сенім білдірді
Депутаттардың ондағы ойы дағдарысқа қарсы іс-шаралар мен Елбасы бекіткен Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында қазіргі Үкіметке мүмкіндік беру.

Парламент Үкіметке сенім білдірді. Негізі Кәрім Мәсімов басқаратын бұл Үкімет Мемлекет басшысы бекіткен кешенді Ұлт жоспарын орындау ісін бастап кеткен. Оның үстіне жаһандық сипаттағы дағдарысқа қарсы іс-қимылды да бұл Үкімет жүйелі жүргізіп отыр. Яғни, Парламенттің сенім білдіруі қисынды. Ендігі міндет Президент тапсырғандай, Үкімет пен Парламенттің бірлесе қимылдауы.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі:
Мен жаңа ғана Сенім мандатын алған Үкімет құрамының атынан және өзімнің атымнан Сіздерге жаңа қызметте табыс тілеймін. Үкімет сол сенімді ақтау жолында өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Президент Жарлығымен Қанат Бозымбаев еліміздің Энергетика министрі болып тағайындалды. Ал, оның бұған дейін атқарып келген қызметіне яғни, Павлодар облысы әкімдігінің тізгінін Болат Бақауов ұстады.

Сонымен қатар, Президент Жарлығымен мұнайлы өлке Атырау обылысының әкімі қызметіне Нұрлан Ноғаев тағайындалды. Оның Батыс Қазақстан облысында атқарған қызметін енді «Болашақ» бағдарламасының түлегі Алтай Көлгінов атқаратын болады.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу