Бортта болған 116 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі түгел дін аман.
Бүгін таңертең Астана халықаралық әуежайына «Бек эйр» компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Алдыңғы доңғалағы толық ашылмай қалған әуе кемесін - экипаж командирі Дмитрий Родин бастаған ұшқыштар мен әуежайдың диспечерлік қызметі аса кәсіби шеберлікпен қондырды.
Бортта болған 116 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі түгел дін аман. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев те жедел жетіп, оқиға орынында болды.
Ұшақ апатты жағдайда қонар кезде жолаушылардың барлығы үрейленбей, сабыр сақтаған. «Сабыр түбі сары алтын» деген осы. Әрі бұл кеше ғана қазақстандықтардың жұдырықтай жұмылып, ауызбірлікпен атап өткен Наурыздағы көп тілегінің қабыл болғаны шығар.