Қазір кәсіпорында 256 адам еңбек етеді.
Осы Қытаймен іргелес жатқан Алматы облысында крахмал-сірне шығаратын зауыт бар. Жылына 70 мың тонна жүгері өңдейді. Қуатты кәсіпорын индустрияландыру картасы аясында ашылған. Яғни, мемлекет қолдауымен салынған нысан.
Жаркенттік кәсіпорында жүгері терең өңделіп, қантты айырбастайтын өнімдер шығады. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі үшін де өте маңызды. Өйткені, бұрнағы жылдары отандық кондитерлер мен түрлі қағаздан бастап желімге дейін шығаратын кәсіпорындар крахмал мен сірнені шет елден сатып алатын. Енді оны өзіміз өндіріп отырмыз.
Жаркент. Қытаймен шекаралас жатқан шағын ғана қала. Дәл осы жерде алып нысанның ашылуы өте маңызды. Өйткені, Панфилов ауданында ықылым заманнан жүгері өсіріледі. Тек қана жүгері өсіретін 10 мың шаруа қожалығы бар. Аз емес.
Зауыт ашылғалы жергілікті тұрғындардың дені тұрақты жұмыспен қамтылды. Қазір кәсіпорында 256 адам еңбек етеді. Солардың бірі 19 жастағы Аян Қабылдаев. Колледжде сырттай білім алатын ол, туған жерінде құр жүрмей жұмысқа орналасқан.
Аян Қабылдаев, зауыт операторы:
Ең бастысы, маған келген кезде екі аптадай тәлімгерлер үйретті. Бәрін үйретті. Мамандар үйретті. Сонымен бір айдай істеп жатырмын. Жаркент крахмал-сірне зауытының барына мен өте қуанамын. Және де қаламызда осындай зауыттар көбейе берсе екен.
Қол қусырып, отырған бір адамды көрмедік. Зауыттағы тірлік қайнап жатыр. Күзде шаруалардан қабылдап алған жүгеріні Германия мен Түркиядан әкелген озық технология өңдейді. Жыл, он екі ай отандық өндіріс бір сәтке де дамыл таппайды.
Рауан Бектенбетов, зауыт қызметкері:
Бұршақты үгітіп, ортасындағы крахмалын жеке өңдеп жатқан сәті. Бұл жерде жеке-жеке танкерлерге бөлініп құйылады. Қызметкерлер параметрлерін қойып отырады. Басқасын техника өзі реттейді.
Техника реттегенімен оны қадағалап отыру да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Зауыттың бас энергетигі Азат Разиев қайнап тұрған сірнені бақылап, жұмыстың жүйелі реттелуіне жауапты.
Азат Разиев, зауыттың бас энергетигі:
Бұл ыдырату станциясы. Жоғары қысыммен крахмал суспензия ыдыратады. Ыдыратып болғаннан кейін сироп шығады.
Мынау сірне. Осы жерде өңделеді. Ал, шикізат түгел Жаркентте өседі. Яғни, кәдімгі жүгеріні зауыт алыстан арбалап әуреге түспейді.
Мирас Мұқаш,тілші:
Зауыттағы негізгі жұмыстардың барлығын заман талабына сай жабдықталған техника атқарады. Біз қазір сірне өңдейтін құралдың қасында жүрміз. Бұл жерде біз күнделікті тұтынып жүрген кәмпиттерге осы өңделген сірненің сиробы пайдаланылады.
Қою сұйықтық тек қана кәмпит пен печеньеге ғана емес, әртүрлі кондитерлік өнімдердің құрамына да қоспа ретінде қолданылады. Кейбір сусындарға дәмдеуіш ретінде қосылады.
Ал, крахмал кез келген технологиялық заттар мен тағамдар үшін таптырмас дүние. Сондықтан, зауыт өніміне сұраныс көп. Ең бастысы, жергілікті шаруалар өсіргенін, өткізе алмай жан-жаққа сабылмайды.
Вилиян Халиков, зауыт директоры:
Бұрын шаруалар өздері өсірген жүгеріні өткізе алмай жан-жаққа тасумен әуре болатын. Біздің зауыт олардың өнімін 100 пайыз қабылдап алады. Алысқа бармайды. Осы жерде өндіріп, тасымалдауға шығын шығармай Жаркенттегі зауытқа әкеледі.
Зауыт толық заманауи технологиямен жабдықталған. Ішінде өнімнің физикалық және химиялық құрамын анықтап отыратын арнайы зертханасы да бар екен. Қазір бұл жерде алты адам үш ауысым бойынша жұмыс істейді. Таза, жарық жерде өнімнің сапасына да жіті мән беріледі.
Әлия Мұқанова, зертхана меңгерушісі:
Біз осы зертханада сірнені тексереміз. Төрт түрлі сірнені шығарамыз ферменттік, қышқылдық, экстрасолды, мальтолды сірнесін шығарамыз.
Панфилов ауданы тек қана жүгері емес, ауыл шаруашылығының, кәсіпкерлік саласы да кең қанат жайған жер. Мәселен, Жаркенттің өзінде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында былтыр 40 жаңа нысан ашылған. Осылайша, ауданның 900 адамы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мұрат Сейсенбеков, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
2015 жылдың қорытындысымен 47 миллиард теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде 4 миллиард теңге тек қана ауданның кәсіпкерлерінің өз қаражаттарынан тартылып, осындай құрылыстар салынған нысандар болып есептелінеді.
Ал, Жаркент крахмал-сірне зауытының өзі Қазақстанда шығарылған өнімді әлемге әйгілеп отыр. Қазірдің өзінде қазақ жерінде өңделген жүгері крахмалын Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан молынан пайдаланып отыр.
Мирас Мұқаш, тілші:
Қазақстанда жасалған өнім, тек қана біздің елдің аумағына емес ТМД мемлекеттеріне де жөнелтіледі. Қазір крахмал-сірне жүк көлігіне тиеліп, одан ары қарай темір жолмен өзге мемлекеттерге жөнелтіледі.
Жаркентте шығарылған өнімге көршілес Қытай елі де қызығушылық танытып отыр. Демек, экспорттың ауқымы ұлғаяды. Алдағы уақытта біздің өнім тіпті Еуропаға да тасымалдануы мүмкін.
Өйткені, 100 пайыз шикізатты жүгері құрайтын крахмал-сірнеге деген сұраныс әлемде күн өткен сайын артып келеді.
Мирас МҰҚАШ