Әлемді әбігерге салған босқындар мәселесі Парижде талқыланды. Германия канцлері мен Франция президенті биыл бұл континентке ағылатын босқындардың былтырғыдан көбеюі мүмкіндігіне алаңдайды. Ангела Меркельдің ойынша, мигранттар іргелес орналасқан Түркия, Иордания, Ливан тәрізді елдерден пана тапқаны жөн.
Бұл ретте, Еуропа одағының 28 мемлекеті бір миллион босқын ғана қабылдаса, Түркияның жалғыз өзі екі жарым миллиондай сириялыққа пана беріп отыр. Соған қарамастан, мигранттарды Еуропаға жіберме деп, Брюссель қазір ресми Анкараға қысымды күшейтуде. Балқан елдері болса, шекараларын қымтап, тексеруді күшейтті. Сондықтан, Таяу Шығыстан жеткен сан мың адам Батыс Еуропаның бақуатты мемлекеттеріне жете алмай, Грекиядан аса алмауда.
Биыл бұл континентке баратын босқындар саны былтырғыдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Ангела Меркельдің ойынша, мигранттар енді туған жерінен алыс кетпей, Түркия, Иордания, Ливан тәрізді елдерден пана тапқаны жөн. Бірақ, Еуропа одағының 28 мемлекеті 1 миллион босқын қабылдаса, бір Түркияның өзі 2 жарым миллиондай сириялыққа пана беріп отыр. Соған қарамастан, мигранттарды Еуропаға жіберме деп, Брюссель қазір ресми Анкараға қысымды күшейту үстінде. Балқан елдері болса, шекараларын жауып, тексеруді күшейтті. Сондықтан, Таяу Шығыстан жеткен сан мың адам Батыс Еуропаның бақуатты мемлекеттеріне жете алмай, Грекияда тосылуға мәжбүр.
Еуропаға келмеңдер! Бейсенбі күні Афиныға сапарында Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі соғыс пен кедейшіліктен қашқандарға осыны ескертті. Бұл ескертуді ең алдымен жақсы тұрмыс іздеп, келешекте жолға шығуы мүмкін миллиондаған экономикалық мигрант қаперінен шығармауы керек.
Дональд Туск, Еуропа кеңесінің президенті:
Мен болашақ заңсыз және экономикалық мигранттарға мынадай өтініш жасағым келеді. Еуропаға келмеңіздерші. Адам саудагерлеріне сенбеңіздерші. Қаражат шашып, өмірлеріңді қауіпке тігудің не қажеті бар? Грекия немесе өзге еуропалық елдер өмір бақи транзиттік мемлекеттер болып қала алмайды.
Дональд Тусктің бұл мәлімдемесі әсіресе, Таяу Шығыстан жеткен көштің алдында Еуропаның елең-алаң, қауқарсыз күйін әшкерелеп бергендей. Ал, Македония сияқты балқандық мемлекеттердің аумағына өте алмай, Грекияға жиналып қалған мигранттар саны алдағы аптада 70 мыңға жетуі мүмкін. Бұл – онсыз да қарызы басынан асып, экономикалық дағдарысты еңсере алмай отырған ел үшін «жығылғанға жұдырық». Сонымен қатар, шекараның жабылуы – бір кездері Еуропа одағында визасыз қатынауға жол ашқан Шенген аймағының келешегіне қауіп төндіріп отыр.
Еуропаға кетіп жатқандарың көбі – сириялықтар. Оларды өзінен аулақ ұстау үшін қазір Брюссель Анкараға қысым жасап отыр. Бірақ, бұған дейін 2 жарым миллионнан астам босқын қабылдаған Түркия проблеманы бірлесіп шешейік дейді.
Ахмет Давутоғлы, Түркия Премьер-министрі:
Миграциялық дағдарысты тек Түркия мен Грекияның мойнына жүктей салу дұрыс емес. Бұл мәселе Еуропа одағы деңгейінде шешілуі керек. Кейбіреулер шекараларын жауып тастап, проблема түріктер мен гректерге ғана қатысты тәрізді кейіп танытып отыр.
Македония шекарасы жабылғалы Грекияда босқындар көтерілісі жиілеп кетті. 32 мыңдай адам «Балқан дәлізі» арқылы орталық және солтүстік Еуропаның бай мемлекеттеріне жеткісі келеді. Көбінің арманы – Германияға бару. Бірақ, ең алдымен Балқан елдеріне, Австрияға өту үшін «Соғыстан қаштым» деген мәртебең болу керек. Ал, мигранттардың ішінде басқа себептермен де қоныс аударып жатқандар өте көп.
Осы аптада Францияда да миграциялық дау ушықты. Кале қаласының маңындағы лагерьге 4 мыңдай босқын қоныстанып, жаңа контейнерлерге көшуден бас тартып отыр. Жергілікті билік болса, олардың шатырларын бульдозермен сырып, қарсылық көрсеткендеріне күш те қолданды. Бұған ашынған ирандық босқындар наразылық акциясын ұйымдастырып, ауыздарын да тікті. Айтуларынша, француз үкіметі мигранттарға жаңа баспана емес, түрме ұсынып отыр.
Сәруар, босқын:
Француз шенеуніктері бізге контейнерлерге барып, сонда өмір сүріндер дейді. Бірақ, ол лагерь өте тар. Тұру мүмкін емес және оған кіргенде де, шыққанда да саусақ таңбасын қалдыру керек. Нағыз түрме тәрізді. Сондықтан, мен осында қалуды жөн көрдім.
Ертең Бельгия астанасында Еуропа одағы - Түркия саммиті өтеді. Былтыр қараша айында Брюссель түрік үкіметіне босқындар дағдарысын еңсеруге көмек ретінде 3 миллиард еуро бөлгенді. Бірақ, қазір Анкараға қосымша жәрдем қажет болып отыр. Дүйсенбі күні басталатын жиында дәл осы мәселе талқыланбақ.
Еуропа үшін биылғы миграциялық дағдарыс былтырғыдан да ауыр болуы мүмкін. Мәселен, 2016 жылы қаңтарда Грекияға 68 мың босқын жеткен екен. Бұл өткен жылдың алғашқы айындағы көрсеткіштен 38 есеге жоғары. Осы айда Таяу Шығыс пен Африкадан Еуропаға жол тартқандар саны тіпті көбеймек. Өйткені, күн жылып келеді. Бірақ, Эгей теңізінен жақында өткен босқындар үшін судағы қауіптен құрлықтағы бейнетен ауыр болып тұр.
Ынтызар Әли, ирактық босқын:
Біз аурудан, суықтан қорқамыз. Балаларға киім-кешек керек. Жататын орын жоқ. Шатырды өзіміз сатып алдық. Теңізден өткенде қуанып едік, әрі қарай шекарадан өту қиын болмайды деп. Сөйтсек, проблеманың бәрі алда екен.
Мұхаммед Ғариб, дәрігер:
Жаңбыр жиі жауып тұрады. Күн суық. Науқастанып жатқандар көп. Босқындардың жағдайы өте қиын. Соған қарамастан, адамдар мұнда келіп жатыр, келіп жатыр.
Жақында немістің «Зюдойче Цайтунг» газетіне берген сұхбатында Австрия Сыртқы істер министрі Себастьян Курц Германия канцлерінің былтыр жазда мигранттар үшін шекараны айқара ашуын үлкен қателік деп мәлімдеді.
Бірақ, Ангела Меркельдің уәж айтушыларға жауабы дайын. Неміс үкіметі басшысының есебінше, бес миллион халқы бар Ливан бір жарым миллион, 70 миллион тұрғыны бар Түркия 2 жарым миллион босқын қабылдады. Сондықтан, жарты миллиард адам тұратын Еуропаның 1 миллион сириялыққа уақытша баспана бере алатындығы күмән тудырмауы керек.

Арыстан РЫСБЕК